Ұлттық заңнаманы халықаралық талаптарға сәйкестендіру керек - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі «қайтармау» («non-refoulement») халықаралық қағидаты бөлігінде халықаралық міндеттемелердің сақталуына талдау жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Омбудсмен институтына сілтеме жасап.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің хабарлауынша, Қазақстан әр жылдары босқындардың мәртебесі туралы және азаптауға қарсы конвенцияларға қосылды.

Бұл халықаралық шарттар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды нәсіліне, дініне, саяси сенімдеріне және т.б. байланысты азаптау немесе қауіп төнген елдерге жіберуге, қайтаруға немесе беруге тыйым салады.

Бұл халықаралық шарттар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды нәсіліне, дініне, саяси көзқарастарына және т.б. негізінде азаптау немесе қауіп төндіретін елдерге шығарып жіберуге, қайтаруға немесе экстрадициялауға тыйым салады. Халықаралық құқықта бұл тыйым салу «қайтармау» («non-refoulement») принципі деп аталады.

Отандық заңнамада бұл қағида жоғарыда аталған қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін адамдарды экстрадициялауға тыйым салатын Қылмыстық іс жүргізу кодексінде ғана енгізілген.

Алайда, шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, сондай-ақ азаматтық соттардың шешімдері бойынша жаза ретінде мемлекеттен тыс жерлерге шығарылуы мүмкін.

Сондықтан Омбудсмен ұлттық заңнаманы қабылданған халықаралық міндеттемелермен үйлестіру мақсатында Әділет министрлігіне ҚК, ӘҚБтК, АІЖК және «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңға түзетулер енгізу туралы ұсынымдар жолдады.

Әділет министрлігі бұл бастаманы қолдап, заң жобалау жұмыстары барысында ұсынылған түзетулерді енгізеді.

Конституцияның 4-бабы Қазақстан заңнамасының алдында ратификацияланған халықаралық шарттардың басымдығын белгілейтінін ескере отырып, Бас прокуратураға аталған өзгерістер енгізілгенге дейін «қайтармау» қағидатын сақтау туралы ұсыныстар да жіберілді.

Бас прокуратура да бұған келісті.

«Қарастырылып отырған қағида Қазақстаннан тыс жерлерге шығару фактісін қозғамайтынын атап өту маңызды. Бұл адамды әділетсіз қуғын-сүргінге ұшырауы мүмкін мемлекетке ғана шығаруға тыйым салу туралы, яғни «үшінші» қауіпсіз елге мәжбүрлеп жіберуге жол беріледі»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар
telegram