Ұлттық жаңару мектебіне оның негізін қалаушысы Қанат Даржұманның есімі берілді - Павлодар

Оны еске алуға арналған салтанатты шараларға облыс әкімі Ерлан Арын қатысып, Қ.Даржұман павлодарлықтардың жүрегінде жақсы естелік қалдырған жарқын, талантты саңлақтар тобына кіретінін атап өтті. Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясында ұлттық-мәдени орталықтар мен ҚХА-ның дамуына көп үлес қосқан өз көшбасшысын ризашылықпен еске алады.
Қ.Даржұман Лебяжі ауданында дүниеге келген. Мұғалім болып, туған жеріндегі мектепте қызмет атқарған. Жігерлі жас педагогты Лебяжі комсомолының аудандық комитетінің бірінші хатшысы етіп сайлады, кейіннен ол Павлодар облысының аудандық партия органдарында жұмыс істеген.
Тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңінде Қ.Даржұман қоғамдағы ұлтаралық келісімді сақтап қалуға көп үлесін қосқан - 2000 жылы ол «Жыл адамы» атанды.
1995 жылы оны Павлодар облысының Қазақстан халқы Кіші ассамблеясы төрағасының орынбасары етіп сайлады, Қанат Болатұлының бастамасымен облыста республикадағы алғашқы ұлттық жаңару мектебі ашылған еді. Қазіргі кезде 500-ден астам бала мұнда өз халықтарының тілін, мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеумен айналысуда.
Облыс басшысының бастамасымен, Павлодар қаласы әкімдігінің қаулысымен ұлттық жаңару мектебіне оның негізін қалаушы - Қанат Даржұманның есімі берілді.