Ұлтжанды азамат дінге қиянат жасамайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасына ерекше көңіл бөліп қоймай, өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдарламаларын жетілдіру, руханиятымызды жаңғырту, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты, ұлтжандылықты дамыту, түрлі салаларда қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмді алдын алу сынды мәселелері айтылды. 
None
None

Сондай-ақ, Елбасы халыққа Жолдауында дін саласында орын алып отырған ахуалға тоқтала отырып, «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек», - деп атап өтті.

Расымен-ақ, бүгінгі таңда жалпы адамзат баласына Интернет пен ондағы ресурстардың ықпал ету әсерін ескеретін болсақ,  халқымызға, әсіресе, жастарға ғаламтор арқылы діни мазмұнда теріс мәліметтер тарататын ақпарат алудың мүмкіндігін шектеген абзал.

Айта кету керек, Жолдаудағы міндеттерді орындау және қоғамда орын алып отырған діни радикализмнің алдын алу мақсатында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен мемлекет пен дін арасындағы өзара іс-қимылдың өзіндік қазақстандық моделін жасау шаралары қабылданды. Жаңа моделдің идеологиялық негізі «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрініс тапты. Аталған модель тұжырымы ұлттық әдет-ғұрыпқа, заманауи шындыққа, діни қағидалардың жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделіп отыр. Бұл орайда мемлекет Басшысы да өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу қажеттігін баса айтып кеткен болатын. Себебі, ұлтжанды азамат өз ұлты мен Отанына, дініне қиянат жасамайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 18 конфессия атынан 3700-ге жуық діни субъект тіркелген екен. Еліміздің тұрғылықты азааттарының 81% өздерін діндер азаматтар деп санайды. Ал олардың 19% - атеист және агностик. Ал діндар азаматтардың тек  14%-  өзін дін жолында нақты бағыт алған деп білсе, 70% - өздерін орташа діндар азамат ретінде бағалады.   

Қазіргі таңда министрлікте заңнамалық және институционалды бастамалар әзірленіп, енгізілуде. Үкімет деңгейінде Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру жүйесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді мониторинг жасау, түсіндіру, оңалту жұмыстары жасалды.

Айта кетейік, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі өз құзіреті шеңберінде тұрақты түрде интернет-ресурстарға мониторинг жүргізіп, интернет кеңістігінде деструктивті діни идеялардың насихатталуының және таралуының анықтау және алдын алу бағытында белсенді жұмыстар жүргізеді. Мәселен, 2017 жылдың І-тоқсанында 1600-ден астам интернет-ресурстардағы материалдарға дінтанулық сараптама жасалып, 527 теріс діни материалдар анықталды.

Тәуекел топтармен және радикалдық көзқарастағы тұлғалармен жұмыстар жолға қойылды. Бұл жұмыс азаматтарды нысаналы түрде оңалтуды, жеке психологиялық және құқықтық қолдауды, теологиялық қайта оңалтуды көздейді.

Жалпы профилактика шеңберінде азаматтардың сауаттылығы мен ақпараттандырылуы қамтамасыз етіледі. Еліміз бойынша 306 арнайы ақпараттық-түсіндіру топтар жұмыс жасайды. Олардың құрамында 3,5 мыңнан астам адам бар. «114 - Сенім телефоны» тәулік бойы  қызмет көрсететін консультативтік орталығы азаматтарға үлкен көмек көрсетеді.

Интернет-аудиториямен жұмыс ағартушылық«КazIslam.kz» (бұрын  E-Islam.kz) интернет-порталы арқылы жүргізіледі.

 

Соңғы жаңалықтар