Ұлудың уынан ауру сездірмейтін дәрі жасауға болады - ғалымдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлудың уы заманауи ауру сездірмейтін дәрі-дәрмектің негізіне айналуы мүмкін. Себебі, қазір ұлудың уыты бар дәрі сынақтан өткізіліп жатыр. Ғалымдар оның әсері габапентин мен морфинге қарағанда 100 есе күшті деп отыр, деп хабарлайды Росбалт.
None
None

Жалпы, жыртқыш ұлудың уы - конотоксин балықтарды ұзақ уақытқа қимылсыз қалдыру мақсатында қолданылады. Сол конотоксинді ғалымдар тәжірибелік дәрі-дәрмектерді жасауда пайдаланды. Квинсленд университетінің қызметкері Дэвид Крэйктің айтуынша, аталмыш препарат әзірге тышқандарға қолданылған кезде ауруды басқан.

Осы орайда, маман теория жүзінде ол дәрінің қиын емделетін арулармен ауыратын адамдарға көп көмегі тиетін еді деп отыр.

Айта кетерлігі, тірі ағзалардың уы жүйке жүйесінің белгілі бір торларын оқшаулап тастайды. Сондықтан да олардың әсері морфин мен гидрокодон сынды ауру сездірмейтін дәрілерге қарағанда күштірек болып отыр.

Мамандар шамамен екі жылдан соң аталмыш дәріні адамдарға беріп, сынақтан өткізуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар