17:16, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Ұлы Абайдың досы Ербол Көмекбайұлының зираты жаңартылып қайта көтерілді
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында ұлы Абайдың досы Ербол Көмекбайұлының зираты жаңартылып, қайтадан көтерілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақтың бас ақынының үзеңгілес досының мазары осымен екінші мәрте жаңартылып отыр. Ербол мен оның 17 туысы жерленген қорымға алғаш көтерілген зират құлай бастаған соң 1968 жылы ол жаңартылған еді. уақыт өте келе ол да мүжіліп, құлауға тақағаннан кейін ел азаматтары мен Е. Көмекбайұлының ұрпақтары оның басын қайтадан көтеруді ұйғарды. Ербол Көмекбайұлы тарихта өз орнын алған тұлға. Зиратты қайта жаңарту ұрпақтар үндестігін паш ету үдесінен туындап отыр», дейді бұл шараға ұйтқы болған Өнер Смағұлов.