Ұлы адамдардың сабақтары бізге үлгі болуға тиіс ? «Астана-Финанс» АҚ атқарушы директоры

АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Әлия Келдешева/ - Белгілі бір талпыныс болса, елеулі жетістіктерге жетіп, өмірімізді жақсарта түсудің жарқын мысалдары аз емес. Алдымен бизнес саласындағы жақсы үлгілерге жай ғана назар аударып, бізден айырмашылығы жоқ басқа адамдардың, басқа елдердің ойдағыдай іске асырған игілікті істерінің аз ғана бөлігін жүзеге асыруға талпынсақ та жетіп жатыр, -
None
None
деп санайды «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Астана-Финанс» АҚ атқарушы директоры Дәуіржан Ауғамбай. - Біздің оқырмандарымызға өзіңіз жайлы аз-кем айтып өтсеңіз?- Мен Ұлыбританиядағы жетекші бизнес-мектептердің бірінде оқыдым, мұнда өз білімімді тереңдете түсумен қатар, ой-өрісімді кеңейттім, жаңа достар таптым, біз қазір де бірі-бірімізбен байланыс жасап тұрамыз. Бұның болашаққа да пайдасы бар. Мысалға, менің кейбір шетедік достарым қазір инвестициялық банктерде жұмыс істейді, жақында Қазақстанда алғашқы іскерлік сапарда болып кетті. Бұл байланыстардың кейін де керегі бар. Бұрынғы студенттік байланыстар іскерлік әріптестік кезінде жалғасын тауып жатса, бірқатар мәселелердің тез шешілуіне септігі тиеді. Бұл адами фактор, оны жоққа шығаруға болмайды. Бүгінде мен «Астана-Финанс» АҚ атқарушы директоры болып қызмет атқарып жатырмын. Менің жұмысым өте қызықты. Қашан да қалпымда болуымды талап етеді. Халықаралық капиталдар нарығымен, шетелдік контр-әріптестермен, әлеуетті инвесторлармен және рейтингілік агенттіктермен жұмыс жасай отырып, нарықта, елде не болып жатқаны туралы әрқашан да хабардар болып отыруың қажет. Жұмыстың қызықтылығы сонда, көп адамдармен қарым-қатынас жасайсың, көп нәрсені үйренесің, сайып келгенде, ешуақытта да босаңсуыңа хақың жоқ. - Шетелде болып, белгілі бір білімдер мен тәжірибе жинақтап, елге келгеннен кейін Қазақстан жөніндегі пікіріңіз қандай, Сіз елде қандай өзгерістер жасауды қалар едіңіз?- Шын мәнісінде, әлемнің әр түпкірінде болып, өмір көрген бүгінгі адам өз елі мен өзі болған елдің өмір деңгейін және қоғамдық мінез-құлық номрмаларын салыстыра алады. Көптеген еуропалық және азиялық елдердегі жол қозғалысындағы жоғары мәдениетке таңғала отырып, біздегі бүкіл жол қозғалысына қатысушылардың, тіпті жүргіншілердің бір-бірін сыйламайтынын, өзара төзімсіздігін көргенде әртүрлі ойларға берілесің. Осынау біздің өміріміздегі көптеген шағын детальдардың бірінің өзінен-ақ біздің қоғамымыздағы бүкіл жағдайды аңғаруға болады, мұндай мысалдар біздің өміріміздің барлық тұстарында жиі кездеседі. Қызмет көрсету, сервистің сапасы, тұтынушыларға деген қарым-қатынас жөнінде де көптеген мысалдар келтіруге болады, бұл ақыр соңында қоғамның, түтастай алғанда мемлекеттің дамуы деңгейінен хабар береді. Менің ойымша, ең алдымен елдегі білім сапасын жақсартуға ден қою қажет. Студенттер бәрін де өздері істей білуге үйренуі тиіс, олардың бойында қалыпты қоғамда өмір сүре алатын құндылықтарды егу қажет. Олар өз бетімен жоспарлар құрып, бағдарламалар жасауды үйренуі, сөйтіп, пайдалырақ болу ұстанымымен өмір сүру тиіс, бұл болашақта олардың жауаптырақ болуына, еліне және отандастарына ілтипатты болуына жәрдемдеседі.Екіншіден, өз қызметін бастаған деңгейімен әрқашан салыстыра отырып, өз жұмысын, қарапайым, тиімді және сыпайы орындауға тырысу қажет. Идеялар мен ұстанымдар гүлденіп өрістеген кездерде «қарапайымдылық, ұқыптылық және момындық» сияқты мінездерді қабылдау біртүрлі ерсі болып көрінер, алайда дағдарыс және бәсекелестік жағдайында, өзіне тым сенімді, күрделі, шашпашыл компанияның көп ұтылары сөзсіз. Әрине, жоғарыда айтылғандардың бәрін нәрсіз, құрғақ қиялға жатқызуға немесе шүбәланып қарауға болар, алайда белгілі бір талпыныс болса, елеулі жетістіктерге жетіп, өмірімізді жақсарта түсудің жарқын мысалдары аз емес. Алдымен бизнес саласындағы жақсы үлгілерге жай ғана назар аударып, бізден айырмашылығы жоқ басқа адамдардың, басқа елдердің ойдағыдай іске асырған игілікті істерінің аз ғана бөлігін жүзеге асыруға талпынсақ та жетіп жатыр.- Қаржы және экономика саласындағы кәсіпқой маман ретінде, сіз жаһандық экономикалық дағдарыс пробемаларын шешу жайында қандай пікір айтар едіңіз?- Көптеген экономистер, қағидашылар және тәжірибелі адамдар бұл мәселені шешумен бас қатыруда. Мен бұл орайда ірі «Мацусита электроникс» компаниясының негізін қалаушы, ұлы жапон философы-кәсіпкер Коносуке Мацуситаның өмірінен мысал келтіргім келеді, менің ойымша, оның сабақтарынан үлкен тәлім алуға болады. Ол өзі ірі компанияны басқара отырып, әрқашан да қызметкерлерінің қонымды идеяларына арқа сүйеген және ұжымдық идеяның жақтаушысы болған. Мацуситаның айтуынша, «бизнесті ол немесе оның ат төбеліндей көмекшілері емес, адамдар жасайды». Оның айтуына қарағанда, Компания қызметкерлерінің көзімен алып қарағанда, оны мызғымас беделді ұжымға айналдырғанда, адамдар одан зор қанағат табады және бұрынғыдан да өнімдірек жұмыс істейтін болады. Екіншіден, қоғамға қызмет ету, жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер өндірісін қамтамасыз етумен қатар, көңілге қонатын бағамен сату сияқты белгілі бір мұраттарды ұстана отырып, бүкіл әлемде игілік пен бақытқа қол жеткізу ісіне үлес қосу қажет. Барлық іскерлік опаерацияларда, жеке басыңның қылықтарыңда әрқашан да адал және әділетті болуға тырысу, әрқашан да теріс түсініктерден аулақ, сарабдал шешімдер қабылдай білу қажет. Өзіңді үнемі жетілдіре отырып, тіпті қолайсыз жағдайлардың өзінде корпоративтік және жеке нәтижееріңді жақсартып отыруға тырысу қажет. Сыпайылық пен момындық - әрқашанда қарапайым және ілтипатты болу, басқалардың құқықтары мен мұқтаждарын құрметтеу, қоршаған ортаны жақсарта түсуге және қоғамдық тәртіпті қолдауға жәрдемдесіп отыру ? үлгі аларлық жақсы қасиеттер. Осынау ұстанымдар мен ережелерді Мацусита емес, басқа біреу айтса, сенбеуге де болар еді. Жасында кедейшілікте өсіп, 7 жасынан бастап қара жұмысқа жегілген, күрделі кезеңдерде көз алдында туған бауырлары, қарындастары көз жұмған адам, ауыр өкпе сырқатына ұшщырағанына қарамастан, әлемдік деңгейдегі компанияны құра білді және Жапония екінші дүниежүзілік соғыста қорлықпен жеңіліске ұшырап, басып алған әкімшілік оны компания басшылығынан тайдырса да сағы сынбаған адам. Ірі және ұсақ компаниялар қысқартуларға түсіп, фирмалар банкротқа ұшырап, жұмыссыздық белең алып тұрған басқа елдерден гөрі біздің еліміз әлемдік экономикалық дағдарысты еңсеру үшін Үкімет қабылдап жатқан шаралардың арқасында бұл сыннан сүрінбей шығады ғой деп ойлаймын. Сөзімнің соңында жапондық философ-кәсіпкер Коносуке Мацуситаның тағы бір сөзін келтіре кетсем деймін. Ол өзінің бір сұхбатында: «Ең бастысы ? жаңаға бейім болу. Өз іс-әрекетіңде өз біліміңе ғана сеніп қалма. «Басқа адамдар не айтып жатқанын тыңдай біліп, өмірге жарқын көзқараспен қарасаң, жолдан адаспайсың», деген мақал бар. Әңгіме кімнің айтқанында емес, қарапайымдылық танытып, бірдеңені ұғынуға талап қылып, тыңдай біл, сонда ғана жаңа білім жиясың және жаңа әріптестер табасың», деген болатын. - Сұхбатыңыз үшін рахмет!
Соңғы жаңалықтар