06:10, 12 Шілде 2016 | GMT +5
«Ұлы дала азаматтары» автошеруі Алматы облысына келді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының бастамасымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Ұлы дала азаматтары» патриоттық акциясы басталып, ел ішіне автошеру шыққан болатын. Аталмыш делегация бүгін Алматы облысына келді.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, автошеру Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігін дәріптеуді, «Нұрлы жол» бағдарламасын және «Мәңгілік ел» идеясын түсіндіруді мақсат етеді.
Алакөл, Сарқан аудандарында болған автошеру делегациясы Талдықорғандағы «Мәңгілік алау» алдына тоқтап, гүл шоқтарын қойып, акцияның мақсат-міндеттері, қаһарман азаматтардың ерлік шежірелері жайлы айтып береді.