«Ұлы дала елі» байқауына өтінім қабылдау басталды

Бұл форум - отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында қалыптасып қалған дәстүр бойынша жыл сайын ұйымдастырылатын іс-шара. Сондай-ақ, форум - еліміздегі ірі сатып алушылардың тауар және қызмет өндірушілермен кездесуін қамтамасыз ететін жалғыз алаң. Жыл сайын көрмеге қызығушылық танытып отырғандардың қатары артып келеді, себебі бұл - тауар өндірушілердің өз тауарларын таныстырып, өткізу нарығын кеңейтуге берілген мүмкіндік. 2015, 2016 жылдары форум алаңында 25 млрд теңгеден астам сомада келісімшартар мен меморандумдарға қол қойылған.
«Ұлы дала елі» брендін қолдану құқығы жыл сайын үздік отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге табысталады. Онда еліміздің ірі, орта және шағын бизнес өкілдерінің бірдей бақ сынаулары қолждетімді. Байқау идеясына сәйкес, бір жағынан «Ұлы дала елі» белгісі сапалы өнімдер мен қызметтерді бір бренд аясында біріктіруге, ел абыройын асқақтатуға мүмкіндік ретінде танылса, екінші жағынан бұліс-шара жеңімпаздарға қосымша мүмкіндіктер мен жеңілдіктер ұсынына отырып,, тауар өндірушілерге қозғау салып, оларды сапалы өнім жасауға ынталандыра түспек. Сондай-ақ, аталмыш бренд Қазақстанның халықаралық ортадағы беделін өсіре түседі деген сенім бар.
Биыл «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІІ форумында сатып алу, өткізу, сауда және экспорт мәселесі талқыланады деп жоспарланған. Отандық өнімді қолдау мен тарату мәселесін талқылау үшін мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік секторлар, жер қойнауын пайдаланушылар шақырылады. «Атамекен» ҰКП аталған форумды өткізуде отандық атуар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланысты жақсартып, ынтымақтастыққа қатысты маңызды мәселелер бойынша бизнестің ұстанымын айқындап, өзара іс-қимылды нығайтуды мақсат тұтады. Осы іс-шара аясында көршілес елдерден 30 ретейл мен көтерме-сатып алу компания шақырылды, сонымен қатар отандық өнімнің ірі сатып алушылары - ұлттық компаниялар қатысады. Форум аясында көптеген іс-шаралар, В2В форматындағы келіссөздер өткізіледі
Айта кету керек, «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІІ форумы аясында «Ұлы дала елі» шатырлы брендін қолдану құқығын беретін байқау ұйымдастырылмақ. Соның негізінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық өнімді экспорттаушыларға «Ұлы дала елі» шатырлы брендін пайдалану құқығын беруге арналған байқауға өтінімдерді қабылдай бастады.
Байқауға қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлер 2017 жылдың 1 тамызына дейін «Ұлы дала елі» шатырлы брендін қолдану құқығын беретін байқауды өткізудің Ережесіне сай рәсімделген өтінім мен материалдарды бере алады.
Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП «Қазақстанның үздік тауары» байқауын ұйымдастырады. Биыл «Экспо-2017» халықаралық көрмесі отандық тауар өндірушілердің зор қызығушылығын тудыратынын есепке ала отырып, Ұлттық палата «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын осы «Экспо-2017» көрмесіне тұспа-тұс өткізуді ұсынды. Республикалық байқауға өңірлік-көрме байқауының жеңімпаздары қатысады. Байқауға қатысты толық ақпаратпен www.ulydalaeli.kz сайтында танысуға болады. Сондай-ақ байқауға қатысу үшін өтінімді де осы ресурс арқылы беруге болады.