Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері пойызда тегін жүреді - ҚТЖ

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ұлы Жеңістің 68 жылдық мерейтойына орай 2013 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне жолаушылар пойыздарында тегін жол жүру дәстүрлі акциясын өткізуде.
None
None

 Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

 Мерекелік акция аясында ҰОС ардагерлері мен мүгедектері Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері аумағында темір жол көліктерінде тегін жүре алады. Ардагерлер «Тальго» зауыты шығарған вагондардан құралған пойыздардан бөлек, жолаушылар пойыздарының барлық санаттары мен бағыттарында, сонымен қатар қалааралық пойыздарда да купелік вагондармен жүру мүмкіндігіне ие.

Ардагерлер тегін билетті темір жол кассаларынан ала алады. Өзімен бірге жеке куәлігі, сонымен қатар, ҰОС ардагері немесе мүгедегі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет.

Акцияны өткізу туралы қажетті ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін «105» анықтама телефонынан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар