Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь Жеңіс күнін атап өтті

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанадағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальда Жеңіс күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ардагерлерді Клиникалық госпитальдың бастығы Әділхан Абдулин құттықтап, ақ тілектерін жеткізді. «Ұлы Жеңіс - бұл біздің ұлылығымыз бен мақтанышымыз. Ал бұл Жеңісті бізге сыйлаған ардагерлерге құрмет көрсету парызымыз», - деді ол. Мереке иелерін құттықтауға, сондай-ақ Ресей мәдениет орталығы мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері және Астана қалалық ардагерлер хоры келді. Ардагерлер хоры концерттік бағдарлама ұсынса, «Нұр Отан» ХДП Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев аталмыш аурухана ішінде бастауыш партия ұйымын құрып, оның қатарына өткен қызметкерлерге партиялық билеттерді тапсырды. Ал «Ақжайық» бастауыш партиялық ұйымы базарлықтар мен гүл шоқтарын сыйлады.Салтанатты іс-шараның соңында мерекелік дастарқан әзірленді.Бүгінде ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальда 60 адам ем алуда. Олардың 12-сі ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, 48-і ? соғысқа қатысушыларға теңестірілгендер.
Соңғы жаңалықтар