Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ардақтау парызымыз - ҰОС мүгедектерінің клиникалық госпиталінің бастығы Марғұлан Шәкіров

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің клиникалық госпиталінде Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады медициналық мекеменің баспасөз қызметінен.
None
None

Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің клинкалық госпиталінің бастығы Марғұлан Шәкіров ардагерлер алдында сөз сөйлеп, олардың ерліктері ұрпақ есінде мәңгі сақталатынын баса айтты.

«Ардагерлерді ардақтау парызымыз. Жыл сайын жеңісті жақындатқан жандардың  басын қосу - біздің госпитальдің дәстүрі. Мұндай шаралар «Ұлы Жеңістің - ұрпаққа» аманат екендігін үнемі жадыда жаңғыртуға үлесін қосады», - деп атап өтті ол.

Жалпы, қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионнан астам ержүрек жауынгер қан майданға аттанған болатын. Содан елге аман-есен оралған майдангерлер, тыл еңбеккерлері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер аталған госпитальде ем алады.

Шара аясында мерекелік концерт ұйымдастырылып, госпиталь қызметкерлері арнайы дастархан жайды. Көптен көріспеген майдангерлер астан дәм татып, арқа-жарқа әңгімелесіп бір жасап қалды.

Соңғы жаңалықтар