Ұлы Отан соғысы кезінде «Рахат» кондитерлік фабрикасы қалай ашылды?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі кондитерлік өндіріс орны 1941 жылы күз айларында Мәскеу мен Харьков қалалары¬нан эвакуацияланған конди¬терлік фабрикалардың негізінде құрылған. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыр кезеңдерге қарамастан жеткізілген құрал-жабдықтар қайта құрастырылып, көп ұзамай, 1942 жылдың қаңтар айында алғашқы кондитерлік өнімдер дүкен сөреле¬ріне шығарылды. Сол айдың өзінде 50 тонна тәтті тағамдар өндірілді, деп жазады «Алматы ақшамы» басылымы.
None
None

1980 жылдың басында фабрика толық қайта құрылымдалып, жаңа цехтар ашылды, шоколад және түрлі сұрыпты кәмпиттер өндірісі жолға қойылды. 1991 жылы мемлекетіміз Тәуелсіздік алғаннан кейін фабриканың да басқа өндіріс орындары сияқты меншіктік формасы өзгерді. 1992 жылы Алматы кондитерлік фабрикасы «Рахат» акционерлік қоғамына айналып, кәсіпорынға акционерлік капиталдар құйылды. Жетпіс жылдан аса үзіліссіз өнім өндіріп келе жатқан өндіріс орнының материалдық-техникалық базасы үнемі уақыт талабына сай жаңартылып келеді. Цехтардағы құрал-жабдықтарды модерниза¬циялаудың нәтижесінде өнім өндірісінің қуаты да артып, әлемдік деңгейдегі бәсекеге төтеп беретін сапалы кондитерлік тағамдар шет елдерде де үлкен сұранысқа ие.

Соңғы жаңалықтар