Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған «Уақыт байланысы» қайырымдылық жобасы Оралда жалғасын тапты

ОРАЛ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Дариға Назарбаева басшылық ететін «Дегдар» гуманитарлық қорының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және Жеңіс күніне арналған «Уақыт байланысы» қайырымдылық жобасына қатысушылар Орал қаласына келді.
None
None

Жоба мақсаты - майдангерлерге концерт қойып, оларға материалдық көмек көрсету. Бұдан екі жыл бұрын бастау алған аталмыш жоба аясында классикалық музыка жұлдыздары еліміздің 11 қаласында болып, өнер көрсеткен еді.

Бұл жолы ҚР ең­бек сіңірген қайраткері, профессор Тимур Урманчеев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы опера және балет театрының жеке орындаушысы Андрей Трегубенко және халықаралық конкурстардың жүлдегері, Жамбыл атын­да­ғы Қазақ мемлекеттік фи­лар­мониясының жеке орындау­шы­сы Ермек Құрманаев 8 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында тегін концерт қойып, классикалық музыка тың­дар­ман­да­ры­ның құлақ құ­рышын қандырмақ.

7 наурыз күні аталмыш өнер жұлдыздары Құрманғазы атындағы музыка колледжінде шеберлік дәрісін өткізді. Бұл, әсіресе, классикалық өнерді меңгеріп жүрген жастар үшін ерекше әсер қалдырды.

Соңғы жаңалықтар