Ұлы Отан соғысында опат болғандарға арналған ескерткішке гүл қойылды

АҚТАУ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін Түпқараған ауданының Таушық ауылында Ұлы Отан соғысында опат болғандарға арналған ескерткіш-белгі мен қоғам қайраткері Х.Елмұханбетовтың бюстіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.
None
None
Бұл шараларға ауылдықтармен бірге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2000 жылы Ұлы Отан соғысының 60 жылдық мерекесінде Таушық ауылындағы орталық саябақта соғыстан оралмаған 29 адамның тізімі бар ескерткіш-белгі орнатылған болатын. 1963 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан бұл саябақта 967 түп әртүрлі ағаштар өсуде. Осы жерге облыс әкімі бастаған ауыл халқы жиналып, соғыс құрбандарын еске алып, әруақтарға бағыштап құран оқыды. Бұдан соң қоғам қайраткері Хамидолла Елмұханбетовтың бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. 1939 жылы Форт-Шевченкодан бөлінген Маңғыстау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы ретінде өңірдің мал шаруашылығының қалыптасуына, көмір өнеркәсібі негізінің қалануына күш салады. Еңбекшілердің әл-ауқатының жақсарып, оқу- ағарту ісінің, мәдениеттің ілгерілеуіне көп еңбек сіңірген. Соғыс басталысымен майданға аттанып, атқыштар дивизиясы мен атқыштар полкінде ротаның саяси жетекшісі болған. 1942 жылы Сталининград майданындағы қоршауда қалып қаза болған. Есімі Сталинград шайқасы батырларының тізіміне енгізілген.
Соңғы жаңалықтар