Ұлы Жеңіс тарихы: Ресей телерадио компаниясы Панфилов дивизиясы туралы фильм түсірмек

БІШКЕК. Ақпанның 17-сі. Қазақпарат /Владимир Добровольский/ - Бүкілресейлік мемлекеттік телерадио хабарын тарату компаниясы даңқты панфилов дивизиясы туралы фильм түсірмек.
None
None
Бұл туралы компанияның бас директоры Олег Добродеев Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ресей телерадио компаниясының басшысы Қырғызстан мен Қазақстанда құрылған 1941 жылы Мәскеуді фашистерден жанқиярлықпен қорғаған Панфилов дивизиясы жауынгерлерінің ұрыс қимылдары ерлік пен қаһармандықтьың үлгісі болғанын атап көрсетті. О.Добродеев Бішкекте болған кезінде Қырғызстан Президенті Ққұрманбек Бакиевпен кездесті, онда Ресей мен Қырғызстан арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды тереңдету мәселелері талқыланды. Ресей телерадиосы Қырғызстанда өз өкілдігін ашпақ.
Соңғы жаңалықтар