09:28, 01 Сәуір 2015 | GMT +5
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Ақмола облысында «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы жалғасуда
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бұл жолы «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Есіл аудан орталығындағы №3 орта мектепте «Ерлік істері ұрпаққа үлгі» атты кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты мен аудандық жастар ресурстық орталығы бірлесіп өткізді. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Сәуле Ағымбаева мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серғали Үсіпов соғыс ардагерлеріне жедел қызмет көрсету тетіктері бар ұялы телефондар мен басқа да бағалы сыйлықтарды табыс етті. Ал жастар өз кезегінде майдангерлердің әңгімелерін ықыласпен тыңдап, көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды.