14:34, 02 Сәуір 2015 | GMT +5
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Борисов қаласы жанындағы жаудың берік бекініс шебін бұзып шыққан ақмолалық батыр
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Александр Миронович Герман 1908 жылы 29 маусымда Ақмола облысының Ерейментау ауданына қарасты Торғай кентінде дүниеге келді. Ақмола аудандық тұтынушылар одағы жанындағы курсты бітіріп, 1932 жылы Қызыл Армия қатарына алынды. Кейін соғыс басталғанға дейін колхозда есепші, сосын кеніште бухгалтер болып еңбек етті.

1941 жылдың 26 маусымында алғашқылардың бірі болып майданға аттанды. Ленинград, Сталинград және 3-ші Беларусь майдандарында ұрыстарға қатысты. Кавалериялық әскери бөлімдерде взвод, эскадрон командирі болды. Ал 1945 жылдың 24 наурызында Борисов қаласы жанындағы жаудың берік бекініс шебін бұзып шыққаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Соғыстан кейін Ақмола облысына тұрақтап, арада біраз жыл өткенде Қиыр Шығысқа қоныс аударды. Батыр жерлесіміз 1959 жылдың 2 қаңтарында Приморье өлкесінің Тетюхе кентінде дүние салды.