ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Жаудың қатарынан үш шабуылын тойтарып, төртіншісінде көзін жойған ақмолалық батыр

1944 жылдың 24 наурызынан бастап Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау күндерін бастан өткерді. 3-ші Украин және 1-ші Беларусь майдандарында Украинаны, Молдавияны, Польшаны азат етіп, Германиядағы ұрыстарға қатысты. Ол 5-ші екпінді армияның 60-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының пулемет расчетіне басшылық жасады.
Соғыстың аяқталар шегінде, атап айтсақ, 1945 жылдың сәуір, мамыр айларында Берлинді алу операциясы кезінде ерекше көзге түсті. Осындай ұрыстардың бірінде оларға көрші орналасқан кеңес әскери бөлімдері кейін шегінген еді. Мұны байқап қалған жау әскері бұлардың тылына өтіп кетіп, қоршамақ болады. Василий Бовт өзінің пулеметімен жаудың үш шабуылын қайтарады. Ал, неміс әскерлері төртінші рет бас көтерген кезде, оларды өзіне жақындатып алып гранатамен көздерін жойған еді. Осылай ол өзінің әскери шебін жауға бермей ұстап қалды.
Ержүрек жауынгердің бұл ерлігі ескерусіз қалған жоқ. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1946 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен гвардия сержанты Василий Бовтқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
В.Бовт соғыс аяқталғаннан кейін әскерден босап, Дағыстан АССР-інің Кизляр қаласына тұрақтап, жұмыс істеді. 1949 жылдың 28 қазанында батыр өмірден озды. Ол Кизляр қаласында жерленген.