Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Оралда санкт-петерборлық мотошабандоздар болды

ОРАЛ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Оралда санкт-петерборлық мотошабандоздар болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңістің 65 жылдығына орай Ленинград майданында шайқасқан қазақстандық 314-дивизия жауынгерлерінің ерлігіне тағзым етуге арналған шараны Нева жағалауындағы аталмыш қала әкімшілігі ұйымдастырған.

Питерлік меймандар алдымен Орал қаласы әкімі Самиғолла Оразовтың қабылдауында болып, содан кейін Жеңіс алаңында соғыс ардагерлерімен, жастармен кездесті. Ленинградты қорғаған оралдық майдангер Владимир Устяхинге ескерткіш сыйлық табыс етілді. Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыстан оралмаған боздақтарды еске алды. Қаладағы №5 кәсіптік лицейдің «Поиск» әскери-патриоттық клубы, сондай-ақ М.Мәметова мұражай-үйі жанындағы «Фронтовичка» клубы мүшелерімен кездесті.

Санкт-Петербордың Нева ауданы әкімшілігі жастар саясаты және қоғамдық ұйымдармен бірлескен іс-қимыл бөлімінің бастығы Андрей Лябиннің сөзіне қарағанда, Ленинград қаласын кезінде батысқазақстандықтардың да ерлікпен қорғап, қолұшын созып, көмек бергені ешуақытта ұмытылмайды.

Соңғы жаңалықтар