Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында өтетін шараларға 600 млн. теңге бөлінді
«2014 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы ҰОС ардагерлерін қолдауға 130 млн. теңге қаржы бөлді. Биыл біз бұл көмекті еселеп арттырдық және оның көлемі 600 млн. теңгеден асып түсті. Осы қаржы есебінен ардагерлерге тиісті көмек көрсетіліп, жүйелі негізде кешенді қолдау жасалады», - деді Д. Қалетаев.
Белгілі болғандай, шаралар жоспары бүгінде жасалды және ол үкіметтік бағдарламаларды қайталамайды. Сонымен қатар, бұл жоспар Қазақстанның «Ардагерлер ұйымы» орталық кеңесімен келісілді.
Басқарушы директордың сөзіне қарағанда, қор бұл бағдарламаға қатысу үшін серіктестерді тартып отыр. Осы орайда қайырымдылық акцияларын өткізу, ақпараттық Интернет-порталды құру, сондай-ақ көп сериялы «Біздің соғыс» фильмін түсіру және басқа да шараларды ұйымдастыру қарастырылған.