Ұлы Жеңістің 70 жылдығына Таразда »Мәңгілік алау» жаңғыртылады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Жамбыл облысында бірқатар шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды аймақ әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Солардың қатарында «Мәңгілік алау» монументін жаңғырту, Даңқ аллеясын абаттандыру міндеті тұр. Бұдан басқа қаладағы орталық көшелердің біріне есімі берілген аты аңызға айналған мерген, Жамбыл облысының тумасы Ибрагим Сүлейменовтің мүсіні қойылады. Бұл мақсатқа қалалық билік бюджеттен 153 миллион теңгеден астам қаржы бөледі.

Сондай-ақ, Таразда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері басылымдарға тегін жазылады. Бұған 8 млн. теңге жұмсалады.

Жамбыл облысында Ұлы Жеңісті тойлауға республикалық бюджеттен 267 млн. теңге бөлінді. Ал Тараз қаласы бюджетінен және аудан әкімдіктерінен соғыс ардагерлеріне және майдангерлердің жесірлеріне 40,8 млн. теңге материальдық көмек қарастырылып отыр.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 253 Ұлы Отан соғысына қатысушы, 2 334 соған теңелген тұлға 7,253 тыл еңбеккері тіршілік кешуде.

Соңғы жаңалықтар