«Ұлы Жібек жолы» халықаралық этнофестивалін өткізу кезінде қаржы заңдылықтарын бұзушылық анықталды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл  облысындағы мәдениет мекемелеріне прокурорлық тексеріс жасау барысында  бюджеттік қаржыны мақсатсыз және тиімсіз жұмсау фактілері анықталған,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облыстық прокуратурасының мемлекеттік органдардың қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі  басқармасының бастығы Сәкен Жорабековтың айтуынша, «Облыстық филармония», «Халық шығармашылығы орталығы», «Қазақ және орыс драма театрлары», «Облыстық мұражай»  кәсіпорындарының басшылары жалпы сомасы 7 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалар талабын бұзған.

Мәселен, ұлттық дәстүрлерді қайта жандандыру аясында Халық шығармашылығы орталығы  «Ұлы Жібек жолы» атты халықаралық  фольклорлық музыка фестивалін өткізу үшін 2008 жылғы мамырда 4,5 миллион теңгеге  75 киіз үйді  жалға алған. Осы мекемеде  бұрын жүргізуші болып жұмыс істеген азамат аталған байқаудың жеңімпазы деп танылған, орталықтың бұрынғы директорының  көмегімен ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліпті.

Алайда, тексеру анықтағандай  кәсіпкер-жүргізушіде ешқандай да киіз  үйлер болмаған және ол мұндай кәсіппен ешқашан да айналыспаған. «Қылмыстық іс қозғау үшін осы фактілер бойынша материалдар қаржы полициясына жіберілді.  Киіз үй құруға бар болғаны 100 мың теңге жұмсалған (4,5 млн. теңгеден). Қаржының қалған бөлігінің қайда кеткенін пайымдау қиын болмаса керек», - дейді С.Жорабеков.

Соңғы жаңалықтар