«Ұлы Жібек жолы» халықаралық жастар ұйымы құрылды

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат -«Ұлы Жібек жолы» халықаралық жастар ұйымы құрылды.
None
None

Бүгін Астанадағы «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратында 26-30 маусым аралығында Баку қаласында өткен «Ұлы Жібек жолы» 1-і Халықаралық жастар конгресіне арналған брифинг болып өтті.

Әзірбайжанның Баку қаласында өткен тұңғыш халықаралық конгресс жұмысына жастар саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар басшылары мен уәкілетті өкілдері, қатысушы-мемлекеттердің парламент депутаттары, жастар ҮЕҰ лидерлері мен Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан 25 елден келген халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты.

 «Жас отан» жастар қанатының атқарушы хатшылығы басшылары атынан Н.Өтешов бастап барған қазақстандық делегацияның құрамында  «Қазақстан Жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Ш. Байманова және басқа да шығармашыл жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мәселелерінің бірі - «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты мен «Ени Әзірбайжан» партиясы жастар бірлестіктері арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұдан бөлек, Конгресс аясында оған қатысушылар мемлекеттік және қоғамдық жастар ұйымдарының өзара ынтымақтастығының негізгі бағыттарын талқылап, мәдени диалог қалыптастыру, мультимәдениет идеясын таратып, орнықты келешек пен салауатты қоршаған ортаны қорғау туралы жастар саясатының әртүрлі бағыттарындағы өзекті мәселелер ортаға салынды.

Конгресс жұмысы қорытындысына орай Әзірбайжан тарапының «Ұлы Жібек жолы» халықаралық жастар ұйымын құру туралы бастамасы қолдау тапты. Қайта құрылған ұйымның басшылығына Жастар ұйымдары ұлттық кеңесінің төрағасы Фуад Мурадов сайланса, оның орынбасарларын тағайындау үшін қатысушы-мемлекеттер 4-өңірлік топқа бөлінді. Атап айтқанда, европалық, азиялық, араб мемлекеттерінің тобы және ТМД мен Грузия елдерінің тобы.

«Қазақстан Мемлекет басшысының, Елбасы Н. Назарбаевтың сарабдал сыртқы саясаты мен беделінің арқасында ТМД мен Грузия өңірлік тобының жетекшісі болып «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры  Шахмардан Байманов сайланды», - дейді ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар