Ұлы Жібек жолы сынды тарихи магистраль бүгінде қарқынды дамып келе жатыр - Елбасы

ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ұлы Жібек жолы сынды тарихи магистраль бүгінде қарқынды дамып келе жатыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Көлік күндері аясындағы «ТРАНСЕУРАЗИЯ-2011» 8-халықаралық конференциясының қатысушыларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаған үндеуінде айтылған. Осы үндеуді Премьер-Министрдің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев оқып берді.

«Қазақстан жерінде бұрыннан бері Шығыс пен Батыс елдерін қосқан Ұлы Жібек жолы жатыр. Бұл тарихи магистраль бүгінде де халықтар мен мемлекеттерді біріктіріп, қарқынды дамуды жалғастырып отыр», - делінген Елбасы құттықтауында.

Мемлекет басшысы бұл конференцияның тақырыбы өзекті екенін айта келе, барша еуразиялық кеңістікте халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға негізделгенін жеткізді.

«Сенімді көліктік күретамырларды құру - Азия мен Еуропа елдерінің көліктік саясатындағы негізгі басымдық болып табылады. Бұл бағытта Қазақстанның көліктік өзара іс-қимыл саласында ықпалдастық бастамалары халықаралық аренада қолдау тауып отыр», - деп атап өткен Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар