Ұлыбритания билігі Гүлнәр Каримованың мүліктерін тәркіледі

Лондон соты Гүлнәр Каримова жылжымайтын мүлікті заңсыз тапқан ақшаға алғанын дәлелдеген. Солайша оның Лондонның беделді ауданы Белгравияда орналасқан екі пәтері мен Сурреф графтығындағы жекежайы тәркіленді. Мүліктердің құны 20 млн фунттан немесе 25 млн доллардан асады.
Лондон соты Гүлнәр Каримованың мүлкін тәркілеу туралы өтінімді 2018 жылдан бері қарастырып келді. Британ билігі келген қорытындыға сәйкес, Каримова телекоммуникация компанияларынан өзбек нарығына шығуға көмектескені үшін жүздеген миллион доллар алған.
Басылымның жазуынша, Өзбекстанның экс-президентінің қызымен байланысты Швейцария, Франция, АҚШ және басқа да елдердегі активтердің жалпы сомасы 1,4 млрд долларға жуық деп бағаланып отыр. Өзбекстан үкіметі оның бір бөлігін қайтаруға тырысып жатыр.
Г. Каримова – Өзбекстанның бірінші президенті Ислан Каримовтың үлкен қызы. Ол елді тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап 2016 жылы қайтыс болғанға дейін басқарды. 2015 жылы Г. Каримова жемқорлыққа қатысты қылмысы үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 2017 жылы Ташкент соты оны басқа іс бойынша 10 жылға түрмеге қамаса, 2020 жылы үшінші іс бойынша 13 жылға бас бостандығынан айырды. Қамауға алынғанға дейін Каримова Өзбекстандағы ең беделді адамдардың бірі болды, ол әкесінің орнын басып, ел президенті болуы мүмкін екені жазылатын.