15:06, 27 Шілде 2012 | GMT +5
Ұлыбритания Олимпиаданы қоңыраумен қарсы алуда
АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Британиядағы барлық қоңыраулар, оның ішінде бүкіл әлемге танымал Биг Бен сағаты 3 минут бойы бүгін Лондонда ашылған Олимпиада ойындарының құрметіне соғылды, деп хабарлады Би-Би-Си.

Бұл акцияны суретші Мартин Крид ұйымдастырды. Ол «Барлық қоңыраулар соғылсын!» деп аталады.
Лондон уақыты бойынша сағат кешкі 9-да Ойындардың ашылу салтанаты Еуропадағы ең үлкен қоңыраудың соғуымен басталады.