Ұлыбритания премьер-министрі отставкаға кетуден бас тартты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс қателіктері үшін кешірім сұрады. Бірақ билеуші консервативтік партияның бірқатар мүшесінің үндеуіне қарамастан отставкаға кетуден бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

«Мен қателік жібергенімізді мойындаймын және жіберілегн қателіктер үшін өкінемін, бірақ оларды түзеттім. Қаржы министрлігінің жаңа басшысын тағайындадым. Біз экономикалық тұрақтылық пен қаржылық тәртіпті қалпына келтірдік», - деді Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс.

Бұған дейін Ұлыбританияның қаржы министрі Квази Квартенг нарықтағы қатты толқулар кезінде жұмыстан шығарылғаны туралы хабарланған болатын.

Еске салсақ, биыл қыркүйек айында Лиз Трасс Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі болып сайланды. Оған ҚР Президенті құттықтау жеделхатын жолдады.






Фото: static.independent.co.uk



Соңғы жаңалықтар