Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй отставкаға кететінін хабарлады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй 7 маусымда Консервативті партияның көшбасшысы қызметінен кетеді. Бұл жайлы ол жұма күнгі консерваторлар комитеті басшысымен кездесуден кейін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй отставкаға кететінін хабарлады

«7 маусымнан бастап Консерватитвті партияның көшбасшысы қызметінен кететінімді хабарлаймын», - деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Британ премьері Brexit-ті дамыту жолында қолынан келгеннің бәрін істегенін айтты.

«Мен парламент мүшелерін бұл келісімді қолдауға көндіру үшін бәрін жасадым, - деді ол. - Өкінішке қарай, қолымнан келмеді».

Автор: Тимур Дүйсекеев