Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің Еуропа істері жөніндегі орынбасарының Қазақстанға сапары жоспарлануда

АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қыркүйектің 6-сы мен 9-ы аралығында Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің Еуропа істері жөніндегі орынбасары, баронесса Гленнис Кинног бастаған делегацияның Қазақстанға сапары жоспарлануда.
None
None

Сапар барысында  Г. Кинног еліміздің ресми тұлғаларымен бірқатар кездесулер өткізіп, онда Қазақстан және Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдету, сондай-ақ көп жақты құрылымдар аясында екіжақты ықпалдастық мәселелері бойынша қазақстандық тараппен пікір алмаспақ.

Соңғы жаңалықтар