Ұлыбританияда 35 өрт сөндірушінің құдыққа құлап кеткен пониді құтқаруы 6 сағатқа созылды

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда кеше Сомерсет графтығының фермасында құдыққа құлап кеткен пониді құтқару бойынша 6 сағаттық операцияға 30-дан астам өрт сөндіруші жұмылдырылды,
None
None

деп хабарлады Утро.ру.

Нова атты жануардың жоғалып кеткенін оның иесі Ильяр де Альверо байқады. «Біз Нова суға батып, тұншығып қалар ма екен деп әбден қорықтық», - деді ол. Бірақ 5 жастағы пони небәрі 2,5 м тереңдіктегі құдыққа құлап кеткен болып шықты. Су тек жануардың жарты денесіне ғана жеткен.

Оқиға орнына 35 өрт сөндіруші жетті, олар алты сағаттан кейін ғана пониді арнайы механизмнің және белдіктің көмегімен көтеріп, сыртқа шығарды.

Соңғы жаңалықтар