Ұлыбританияда әлемдегі ең үлкен теледидар жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда Titan Screens компаниясы әлемдегі ең үлкен теледидар жасады. Оның диагоналы 370 дюйм (9,4 метр), деп хабарлады Труд.ру басылымы.
None
None

Алпауыт телевизор өзінің параметрлері жағынан бұрынғы рекордшыдан алты метрге асып түсті. Жаңа теледидардың бағасы - 1,6 млн. доллар тұрады.

Рекордшы-теледидардың детальдары қолмен жиналды, өйткені мұндай гаджетті автоматты түрде жинайтын әлемде ешқандай өндіріс жоқ. Бұл теледидар Канныда футболдан әлем чемпионатының басталуына орнатылмақ.

Компания өкілі толық құнын төлеген жағдайда теледидарды үш аптаның ішінде әлемнің кез келген бұрышына жеткізуге уәде беретінін нақтылады.

Соңғы жаңалықтар