22:17, 15 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Ұлыбританияда азық-түліктердің жарамдылық мерзiмiн таңбалау тоқтатылды
АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда Үкiметтiң шешiмімен ел дүкендерінде сатылатын азық-түліктердің шекті мерзімі туралы ақпараттың орамадан алынуына сәйкес, оларды таңбалаудың жаңа ережесі енгізілді.

Би-би-си радиостансасы хабарлағандай, билік осындай жолмен жарамдылық мерзімі өтіп кетуі себепті британдық отбасылар лақтырып тастайтын азық-түліктердің санын қысқартуды көздеуде.
Есепке сәйкес, жыл сайын Ұлыбританияда 18 миллиард доллардың, жалпы салмағы 5,3 млн. тонна азық-түлiк тауары жуындыға төгіледі.
Дегенмен, тез бұзылатын азық-түліктердің, атап айтқанда, сүт, ет және балық тағамдарына «тұтынудың шекті мерзімі» жабыстырылады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.