Ұлыбританияда бензин бағасы шарықтап кетті

Ресей мұнайына тәуелділікті азайту шаралары жанар-жағар май бағасының өсуіне, соның салдарынан басқа да тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына ықпал еткен.
Қазіргі кезде бензиннің орташа бағасы – литріне 186,59 пенс, ал дизель отынының бағасы – 192,48 пенс, яғни мамыр айының аяғынан бері 7,4% және 5% өскен.
RAC өкілі Саймон Уильямс қазір отбасылық көлік багын бензинмен толтыру шамамен 103 фунт стерлинг, ал дизель отынына 106 фунт стерлингке түсетінін айтты. Бұл - бұрынғыдан 7-11 фунт стерлингке артық.
RAC ел үкіметін жанар-жағар май салығын азайтуға үндеді.
Ұлыбритания үкіметі отын, электр энергиясы мен азық-түлік бағасының шарықтап кетуіне байланысты халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесу үшін 37 млрд фунт стерлинг көлемінде көмек пакетін дайындады.