Ұлыбританиядан Түркияға 76 құтқарушы мен арнайы құрал-жабдық жеткізілді

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Ұлыбритания жойқын жер сілкінісі болған Түркияға көмек көрсету мақсатында 76 адамнан тұратын құтқарушылар тобын, сондай-ақ арнайы құрал-жабдықтар мен іздестіру-құтқару иттерін жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Ұлыбритания Түркияға жедел көмек, оның ішінде 76 іздеу-құтқару маманы, арнайы құрал-жабдықтар мен құтқарушы иттерді жөнелтті», - деді елдің сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли.

Көмек Газиантеп әуежайына дүйсенбі күні кешке жетті. Министрдің айтуынша, Лондон зілзала салдарын жоюға көмек көрсетуді жалғастыруға дайын.

Британдық іздеу-құтқару тобында арнайы құрылғылар, соның ішінде акустикалық жабдықтар, бетонды кесуге және сындыруға арналған, сондай-ақ тірейтін және нығайтатын құралдар бар. Бұған қоса, Ұлыбритания қаржыландыратын «Ақ каскалар» үкіметтік емес ұйымының мүшелері Сирияның солтүстік-батысына жұмылдырылды. Британдық үкімет Сирия Араб республикасында зардап шеккендерге шұғыл гуманитарлық көмек көрсету мәселесі бойынша БҰҰ-мен байланыс ұстап отыр.

Айта кетсек, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды. Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және қызметтік иттер бар.

Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды.

Қазақстан Түркияның зардап шеккен аудандарына жіберу үшін дәрігерлер бригадасын құрып, дайын отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті.

Фото: facebook.com/AnadoluAgencyRussia


Соңғы жаңалықтар