Ұлым Еламан Отан қорғаушысы болып өскеніне мақтан тұтамын - Ақтөбеде жараланған әскеридің анасы

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әскери қызметкер Еламан Жанділдәнің анасы 6655 әскери бөліміндегі атыста аман қалғанына қуанышты. Бүгін ол әскери бөлімдегі қаралы митингіне қатысты.
None
None

- Атасы мен әжесі есімін Еламан деп қойды. Ол бұл есімге лайық. Ол Отанын қорғай алды. Құдай мен дәрігерлердің арқасында аман қалғанына разымын.  Ол алты баламның ең үлкені, - деді ол.

21 жастағы Еламан Жанділдә әскери бөлімде 3 жыл келісімшарт бойынша жұмыс істеуде. Лаңкестердің шабуылы кезінде ол өткізу-бақылау бекетінде кезекші болып, жеңіл жарақат алды.  

Соңғы жаңалықтар