Ұлысаралық және конфессияаралық келісім ісіне қызмет еткені үшін марапатталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осымен байланысты салтанатты шара Мерке ауданының орталығында Жамбыл облысы жұртшылық өкілдерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер өкілдерінің, Түркиядан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Қазақстан қалаларынан келген меймандардың қатысуымен өтті.
Жиналғандар алдында Түркі әлемін зерттеу академиясының ректоры Элчин Бей Искендер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы-ханым Османова, ҚХА облыстық хатшылығының меңгерушісі Надежда Нестерова және басқалар сөз сөйледі.
Я.Әлиев өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын айтты және бейбітшілік ісі мен өзара түсіністік, ұлысаралық және конфессияаралық келісім үшін бұдан былай да қызмет етуге дайын екендігін білдірді. Шараның соңы ауданның этномәдени бірлестіктері көркемөнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.