09:51, 23 Наурыз 2013 | GMT +5
Ұлыстың Ұлы күні «Үмітіңді үзбе» телемарафоны басталды
ПАВЛОДАР. 23 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазақстан-Павлодар» ТРК арнасында «Үмітіңді үзбе» атты қайырымдылық телемарафоны бастамасын алды. Жиналған қаржы шетелде ота жасауды және емделуді қажет ететін онкологиялық науқас балаларға беріледі. Ұлыстың ұлы күні қала тұрғындары, мекемелер мен ұйымдардың өкілдері қаражат жинауға арналған жәшікке ақшаларын салып, өз үлесін қосу үшін телеарнаға келді. Өйткені Наурыз - мейірімділік мейрамы, мұқтаж адамдарға көмек беріп, жақсылық жасайтын күн.

Телемарафонға ересектер мен балалар қатысты. Балалар олардың тілектестігі және сыйлықтары науқас балаларға жақсы көңіл-күй әкеледі деген үмітпен өз ойыншықтары және салған суреттерін әкеліп жатты.
Облыстың кішкене тұрғындарының емделуіне қаржы жинау наурыз айының аяғына дейін жалғасады деп хабарлады «Қазақстан-Павлодар» телеарнасында.