Ұлытау облыстық қазынашылық департаментінің басшысы тағайындалды

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы болып Қиянбеков Жеңіс Шәдіұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жеңіс Қиянбеков 1986 жылы Сәтбаев қаласында дүниеге келген. Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «қаржыгер», Е.Букетов атындағы Университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қаржы басқармаларында, қазынашылық департаменттерінде түрлі қызметтер атқарған. Сонымен қатар, Ұлытау ауданы және Жезқазған қаласы бойынша қазынашылық басқармаларының басшысы қызметін атқарған.

Бұл уақытқа дейін ҚР Бас прокуратураның Ішкі аудит басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.


Соңғы жаңалықтар