Ұлытау облысында жол апатынан 35 жастағы әйел көз жұмды

ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - «Павлодар – Қызылорда» тасжолында шағын автобус аударылып, 35 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең сағат 06.40 шамасында Ақтүбек кентінің жанында «Павлодар – Қызылорда» тасжолында жолаушылары бар шағын автобус аударылып, 3 адам зардап шеккен болатын.

«53 жастағы «Мерседес спринтер» автокөлігінің жүргізушісі алдын-ала мәліметтер бойынша, ауа-райы қолайсыздығына байланысты рульді басқара алмай, аударылып қалған. Апат салдарынан оқиға орнында 35 жастағы жолаушы қайтыс болды»,- деп хабарлады Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, автобус салонында вахтамен жұмыс істейтін адамдар болған. Олар үйлеріне қайтып бара жатқан. Автобус аударылған кезде салонда 20 адам болған. Олардың үшеуі жарақат алып, біреуі ауруханаға жеткізілген.

«Апат болған жерге медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері барды. Олар пациенттерге көмек көрсетті. Олардың бірі Жаңаарқа ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. 1964 жылы туған әйелдің сол жақ сүйегінде жабық сынық пен сүйектің жылжып кетуі және мұрын сүйектерінің ашық сынуы анықталды. Ол Қарағандыдағы Мақажанов атындағы клиникаға жіберілді», - деп хабарлады Жаңаарқа ауданының орталық ауруханасынан.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тиісті сараптамалар тағайындалды.

Осыған дейін Ұлытау облысында жолаушылар мінген автобустың апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар