Ұлытау облысының Қаржы басқармасына басшы тағайындалды

Кеңгірбай Қоңырұлы 1978 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген. 2000 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, «өндірісті ұйымдастыру», 2012 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы Жезқазған қаласы бойынша салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған;
2001 жылы – Қалалық экономика комитеті кәсіпкерлік және тұтынушы нарығын дамыту бөлімінің бас маманы;
2002 жылы – Қалалық экономика комитетінің қаржы-несиелік қатынастар, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы;
2004 жылы – Қалалық экономика мен кәсіпкерлікті дамыту комитетінің бөлім бастығы;
2005 жылы – Қала әкімі аппаратының талдау жұмысы бөлімінің бас маманы;
2006 жылы – Жезқазған қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы;
2006 жылы – Қала әкімі аппаратының басшысы;
2008 жылы – Жезқазған қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы;
2009 жылы – Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы;
2010 жылы – Жезқазған қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы;
2013 жылы – Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы;
2015 жылы – Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы;
2020 жылы – Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімінің басшысы;
2020 жылы – «Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалы Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
2022 жылы – «AMANAT» партиясының Жезқазған қалалық филиалының атқарушы хатшысы;
2022 жылдың маусым айынан бастап Ұлытау обылысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы қызметін атқарған.