«Ұлытау» тобы Еуропа бойынша сапарға шығады

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Ертең елорданың жаңа әуежай ғимаратында «Ұлытау» тобының Еуропа елдері бойынша жасайтын сапарына арналған брифинг және шығарып салу ресімі өтеді. Іс-шара «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанатының және «Жастар Мәжілісі» қоғамдық бірлестігінің қамқоршылығымен өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлытау» тобы Еуропаның ірі қалаларында концерттер қояды, сондай-ақ  түрлі музыка фестивалдарына қатысады. Продюсер Қыдырәлі Болмановтың және музыканттардың шығармашылық бірігуі соңғы 8 жыл бойы жемісті еңбегімен көпшілікті қуантып келеді. «Ұлытау» тобы өз шығармашылығында қазақ музыкасының інжу-маржандарын жандандырды, домбыраны, күйлерді жаңа қырынан танытты.

Таяу уақыттары «Ұлытау» тобы Германияда, Румынияда, Испанияда және Францияда бірқатар концерттер қояды.

Соңғы жаңалықтар