«Ұлытау» тобы Еуропа елдеріне сапарға аттанды

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұлытау» тобы ірі еуропалық қалаларда концерт береді, сондай-ақ әртүрлі музкалық фестивальдерге қатысады. Әртістердің таяудағы жоспарларында өз альбомдарын шығару және шілденің 17-18-і күндері Германияда стадионда өнер көрсету жоспарланған. Сондай-ақ айдың соңына таман Румынияда, Испанияда және Францияда бірқатар концерттер қойылмақ.
Продюсер Қыдырәлі Болманов пен музыканттардың ынтымақтастығы сегіз жыл бойы көрермендерін қуантып келеді. «Ұлытау» қазақ музыкасының көптеген жауһарларын көрермендерге ұсынып, домбыра мен күйді рок-гитараның үніне қоса білді.
Топ әртістері қайда да болса, еліміздің еліміздің бай музыка мәдениетін, Қазақстанның беделін шетелдерде насихаттап жүр.
Кеше елордалық әуежайда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының және республикалық «Жастар Мәжілісі» өкілдерінің қамқоршылығымен «Ұлытау» тобын Еуропаға шығарып салу салтанаты өтті.