Ұлытаулық жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Ұлытау облысының әкімдігі «Отбасы банк» АҚ бірлесе отырып қолжетімді қарыздар беру үшін 750 млн теңге көлемінде қаражат бөледі, оның 500 млн. жергілікті қаражат есебінен.
Бағдарлама қатысушыларына жылдық несие мөлшерлемесі 6%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10% болуы керек.
Бүгінгі таңда Жезқазған қаласынан 30 өтініш беруші несие алып, тұрғын үй иесі атанды. Алдағы уақытта бағдарлама аясында үймен қамтамасыз етілетін жастар санын 44-ке дейін арттыру жоспарланған.
Аталмыш бағдарламамен тұрғын үй алу бойынша байқауға келесі мемлекеттік ұйымдардың: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, БАҚ, әлеуметтік саланың штаттық қызметкерлері қатыса алады.
«Ulytau zhastary» бағдарламасына қатысу үшін өтініш берген кезде 35 жастан (қоса алғанда) аспауы, қатысушының және оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы, Таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі болуы маңызды. Сонымен қатар айта кетерлігі, бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.