«Ұмай» бағдарламасы бойынша жаңа өтінімдер қабылданбайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Ұмай» бағдарламасы бойынша қаржыландыру лимиті толық игерілді, деп хабарлайды «Отбасы банктің» баспасөз қызметі.

Отбасы банк запросил досрочный транш по программе «Ұмай»
Фото: Kazinform/ЖИ

Банктің баспасөз қызметі атап өткендей, «Ұмай» әйелдер ипотекалық бағдарламасы қазақстандық әйелдер арасында тағы да үлкен қызығушылық тудырды.

— Бағдарламаның екінші кезеңі аясында жалпы сомасы 20 млрд 266 млн теңгеге 851 сертификат берілді. Осылайша, бөлінген қаржыландыру көлемі толық игеріліп, жаңа өтінімдерді қабылдау аяқталды. Әрбір өтінімнің артында баспаналы болу арманы тұрғанын білеміз және бұл мүмкіндіктің сіздер үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. «Ұмай» бағдарламасына білдірген сенімдеріңіз бен қызығушылықтарыңыз үшін алғыс айтамыз! — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін «Ұмай» ипотекасының екінші кезеңіне өтінім қабылдау басталған болатын. Арада жеті сағат өтпей жатып бағдарлама бойынша өтінім қабылдау тоқтады.