Үмбетаевтар отбасында үшем туды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 9 мамыр жеңіс күнінде Сырдария ауданы, Шаған ауылындағы Үмбетаевтар әулетінде Ернұр, Арнұр, Ақнұр есімді үшем дүниеге келгенін хабарлаған болатынбыз. Үшем бүгін облыстық медицина орталығының нәрестелер бөлімшесінен үйлеріне шығарылды.
None
None

3 бала тәрбиелеп отырған отбасы үшеммен толықты. Сәбилердің әкесі Ербол Үмбетаев "Аралгаз" ЖШС жұмыс істесе, үшемнің анасы Әйгерім Амзеева Тереңөзек кентіндегі №36 орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарады.

«ҚазАқпарат» ХАА еліміздің демографиялық саясатына үлкен үлес қосқан отбасына амандық, баянды бақыт тілейді!

Соңғы жаңалықтар