Үнділік жерлеуге апара жатқан кезде оянып кетті

Бір ай бұрын 17 жастағы Кумар Маревадты (Kumar Marewad) қаңғыбас ит қауып алған. Бұдан кейін жасөспірімнің температурасы көтеріліп, апта бойы түспейді. Ал жағдайы күрт нашарлаған соң ауруханаға жатқызылды. Одан кейін өкпенің жасанды вентиляциясы аппаратына қосқан.
Дәрігерлер Кумардың ата-анасына жұқпаның бүткіл денесіне жайылып кеткендігін, аппаратсыз өмір сүре алмайтындығын түсіндірген. Оның үстіне кедей отбасы емдеу қымбат болғандықтан жасөспірімді үйлеріне алып кетеді.
Артынан оның қозғалыссыз жатқанын және тыныс алмағанын көргеннен соң бақилық болды деп ұйғарады және ұлттық дәстүрге сәйкес жерлеу рәсімін ұйымдастырады. Қайғылы процесс өткізетін жерге екі шақырым қалған шақта Кумар көзін ашып, қолы мен аяғын қозғап және жиі тыныс алған.
Пациентті тездетіп ауруханаға жеткізіп, аппаратқа қайта қосады.
Дәрігерлердің пікірінше, үнділіктің ауруы құтырған иттің қабуы салдарынан денеге жайылып кеткен менингоэнцефалит жұқпасы.