Үндінің танымал «Келін» телехикаясының көрсетілімі аяқталды

Бір жарым мың серияға татитын "Келін" хикаясының әсерлі сюжеті өзіне мыңдаған қазақстандықтардың назарын баурап та үлгерді. Олардың барлығы дерлік фильмнің кейіпкерлерімен бірге күн сайын махаббаттың, өкініштің, сатқындықтың және шын-шытырманның куәсі болды.
Өздері сүйіп үлгерген актерлерінің Қазақстанға келуін асыға күтетін. 2014 жылы "Қазақстан" РТРК арнайы шақыруымен Астанаға Ананди ролінің сомдаушысы-Авика Гор келсе, үстіміздегі жылы Астанада "Келін" хикаясындағы Шив - Сиддхарт Шукланың келуі үлкен әсермен өтті десе де болады. Қос актер де мыңдаған адамнан құралған танаттарына табынушыларымен кездесіп үлгерді.
Ал бүгін, 5 тамызда «Қазақстан» телеарнасында «Жүрегім сізге аманат» филиппин драмасының премьерасы болады. Ол отбасылық оқиғаларға, отбасылық құндылықтарға мән беретін, тартымды махаббат хикаяларын жақсы көретін қазақстандық көрермендерге қызықты болмақ.
Телехикая өз Отанындағы ең үздіктерінің бірі болып табылады. Ол 2012 жылы Филиппинде көрсетілген кезде оның рейтингі алдына жан салған жоқ! Сериалдың азиялық фестивальдар мен конкурстардан алған оннан аса наградалары бар, көптеген фан-клубтар құрылған. Оны Вьетнам мен Малайзия көріп үлгерген.
100 сериялы «Жүрегім сізге аманат телехикаясы" - өзі стюардесса болуды армандаған және өз отбасына көмектескісі келген Майя есімді қарапайым қыздың өз арманына жету үшін үлкен қалаға кету жөнінде шешім қабылдағандығы туралы оқиға. Бірақ Манилаға жеткен кезде Майя шетелден жұмыс тауып беруге уәде еткен әйелдің оны алдағандығын біледі және ол үлкен қалада ақшасыз және баспанасыз қалады. Оның ең соңғы үміті - жағдайы жақсы және қоғамда ықпалы бар бай Ричард болады. Оның үш «проблемалық» баласының бақыты оның әйелінің кетуімен мәңгілікке жоғалған сияқты болып көрінеді. Ауыл қызының жақсылыққа ынтасы мен мейірбандылығы «салқын» үйге жылылық әкеледі және отбасының берекесін кіргізуге көмектеседі.
Телехикая ілеспелі субтитрлармен орыс тілінде жүреді. Сондықтан, телеаудиторияның кең ауқымы үшін қызықты болады деген сенімдеміз. Жіберіп алмаңыздар ! 5 тамыздан бастап дүйсенбіден жұмаға дейін 22.40-та «Қазақстан» телеарнасында отбасылық драмалық және таңғажайып сүйіспеншілік тарихы сөз болады.