Үндістан мен Орталық Азия арасындағы көне мәдени байланыстардан сыр шертетін екі кітап жарық көрді

АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында үнділік зерттеуші Радха Райнаның "
None
None

Алыс күндерден жеткен үндер: Үндістан мен Қазақстан" және "Үндістан мен Қазақстан: Ұлы Жібек Жолы синергиясы" атты кітаптардың тұсауы кесілді.

Аталмыш басылымдар Қазақстан мен Үнді елі арасындағы ынтымақтастық пен біріккен жобалардың нәтижелері болып табылады.

2009 жылы Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасы Елшілігінің, Үндістан Республикасы СІМ (ІССR) жанындағы мәдени байланыстар бойынша Үнді Кеңесінің және Шығыстану институтының бастамасымен, екі ел арасында ғылыми, қолданбалы гуманитарлық жобаларды дамыту мақсатында Қазақстан-Үнді гуманитарлық форумын құру, сондай-ақ Үнді кафедрасын ашу туралы қарар қабылданған болатын. Соның нәтижесінде Қазақстан мен Үнді елдері арасындағы байланыстар дамуының тарихи аспектілері зерттеліп, аталмыш кітаптар дүниеге келіп отыр.

Үнділік зерттеуші Радха Райнаның "Алыс күндерден жеткен үндер: Үндістан мен Қазақстан" атты кітабы - Үндістан мен Орталық Азия арасындағы көне мәдени байланыстардың құпиясын ашып, Қазақстан мен Үнді екі елдері арасында тығыз байланыстың болғандығын тілге тиек етеді.

"Халықтардың кең көлемдегі көшіп қонуынан екі ел тарихының өткені ортақ екендігіне көз жеткізесіз. Үнді тарихында Кушандар ретінде белгілі Юэчжилер орталықазиялық көшпенділер болған. Олардың билеушілері, солтүстік-батыс Үндістаннан бастап қазіргі Ауғанстан арқылы Орталық Азияға дейін жайылған үлкен империя құрды. Олар бұл жерлерге будда дінін таратты. Қазақстан аумағында табылған археологиялық жәдігерлер буддизмнің таралуын айғақтайды. Бұған байланысты Тамғалы Тастағы үш Будданың тастағы бейнесі бізге айырықша қызығушылықты тудыруда. Бұл аэрофототүсіріліммен табылған буддалық орындар мен сатылар зерттеуді талап етеді, әрине ол археологтардың болашақтағы зерттеу еншісінде болары сөзсіз",-деді Радха Райнан.

Оның айтуынша, үнді саудагерлері сауданың маңызды орталығы болып табылатын Таразда, сондай-ақ, Ұлы Жібек жолы бойында сауда жасаған. "Оған саяхатшылардың хаттары дәлел бола алады. Ал, археологиялық қазбалар қазақтардың да алысқа қол тартқан сауда қатынастарын дәлелдеп отыр. Сол кездегі тиімді сауда кемел келешегі гүлденген сауда орталықтарында орналасқан сауда қоғамдастықтарының көші-қонына себеп болды",-дейді ол.

Ол сондай-ақ бұл кітаптан сопылық діннің пайда болуын, оның Орталық Азия мен Үндістанда қанат жаюын біле аласыздар,- деді.

Екінші, "Үндістан мен Қазақстан: Ұлы Жібек Жолы синергиясы" атты кітап 2009 жылы қараша айында "Орталық Азия - Үндістан: ортақ тарих мен мәдениеттен заманауи әріптестікке" деген тақырыпта өткен халықаралық конференциясы материалдарының жинағы болып табылады.

27 мақаладан тұратын бұл жинақта тарих пен заманауи әріптестіктің әртүрлі аспектілері, атап айтқанда, тарих, дінтану, археология, антропология, материалдық емес мәдени мұралар, өнер, фольклор, сондай-ақ ХІХ-ХХІ ғғ.кейінгі тарихи тұрғысынан Ұлы Жібек жолындағы көне қоғамдардың даму мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, мұнда Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық саладағы әріптестіктің заманауи аспектілеріне көңіл бөлінген.

Соңғы жаңалықтар