Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ-ға қосылуы оның халықаралық аренадағы беделі мен рөлін көрсетеді - Н. Назарбаев

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ-ға қосылуы оның халықаралық аренадағы беделі мен рөлін көрсетеді. Бұл туралы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Үндістан мен Пәкістанның біздің ұйымға қосылуы ШЫҰ дамуының сапалы жаңа кезеңін паш етіп, оның халықаралық аренадағы беделі мен рөлін көрсетеді. Алдағы жылдары Иранның ШЫҰ қатарына қабылдануы да біздің өзара іс-қимылымызды кеңейте түседі», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қатарына жаңа елдердің қосылуы нәтижесінде ұйым Еуразия аумағының 65 пайыздан астамын, жер шары халқының 45 пайызын және әлемдік ішкі жалпы өнімнің 19 пайыздан астамын біріктіретіндігін баса айтты.

«Осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын мен Біріккен Еуразиялық экономикалық кеңістік құру бастамасын көтердім. Бұл ретте негізгі элемент Жібек жолының тарихы бағдарын жандандыру жолымен Еуразиялық желілік орталықтарын инфрақұрылымдық біріктіру болып саналады», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар