07:38, 27 Наурыз 2015 | GMT +5
Үндістанда 2 жасар садақшы қыз рекорд орнатты - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатындағы Виджьявада қаласының екі жасар тұрғыны Долли Шивани Черукури (Dolly Shivani Cherukuri) Үндістанның ең жас мергені болып анықталды.

Садақ атудан өткен жарыста 2 жасар қыз алдымен 5 метрлік қашықтықтан 36 рет, кейін тағы 7 метр жерден оқ атып, нысанаға дөп тиген. Ол жалпы саны бойынша 388 ұпай жинап, рекорд жаңартты, деп жазады BBC. Сондай-ақ кішкентай қыздың бұл өнері Үндістандағы Рекордтар кітабына енді.